Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың, сондай-ақ осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне…

Толық оқу

Бүгін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы алғаш рет Қазақстанға келеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін алғаш рет Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.   «Бүгін мен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға іссапарға шығамын. Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға Мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым болады және мен Орталық Азиядағы әріптестігімізді одан әрі дамытуды асыға күтемін. Сол жерден мен Үндістанға G20 отырысына барамын», — деп жазды ол…

Толық оқу

G20 елдері Украинадағы соғысқа байланысты бір пайымға келе алмай тарқасты

G20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Үндістанның Бангалор қаласында өткен кездесуде бір консенсусқа келе алмай тарқасты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Еуроньюске сілтеме жасап. Оның себебі – Қытай мен Ресей кездесу қорытындысынан Украинадағы соғыс туралы сөзді алып тастауды талап еткен. G20-ға төрағалық еткен Үндістан кездесудің алдын ала қорытындысын жасап, тиісті мәлімдеменің мәтінін жариялаған еді….

Толық оқу

Өткен аптада азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

14-21 ақпан аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қырыққабат (3,4 пайыз) пен пияздың (2,3 пайыз) бағасы айтарлықтай өскен. Айта кетерлігі, екі айға жуық уақыт ішінде пияз бағасы бірден 50,1 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, бір аптада күріш…

Толық оқу

Ұлыбритания 92 ресейлікке санкция салды

Лондонның жаңа санкцияларына 92 ресейлік ілінді. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz. «Сондай-ақ, бүгін «Росатом» Ресей мемлекеттік атом энергетикалық компаниясының жоғары буынының басшылары, сондай-ақ Ресейдің екі ірі қорғаныс компаниясының, төрт банк пен Ресей элитасының басқа өкілдерінің басшылары санкцияларға ұшырады. Росатом Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенімен Бақылау кеңесінің мүшесі, [Ресей президенті Владимир] Путиннің әкімшілігінің вице-премьері Александр…

Толық оқу
Яндекс.Метрика