Екібастұз ЖЭО-ға 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Қаңтар айында Сауда министрлігі Екібастұз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, қалалық жылу электр орталығының жұмысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. «Тексеру барысында өлшеу құралдарының калибрлеу аралығы бұзылып, калибрлеу мерзімі өтіп кеткені анықталды. Олардың ішінде техникалық манометрлер, қысымды түрлендіргіштер, вольтметр, мегаомметр болды», — деді ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл заңбұзушылық заңға сәйкес 1600 АЕК немесе…
