Жаңа салық нормаларындағы дау: кәсіпкерлер жаңа жылдан кейін жағдайларының қиындайтынын айтып дабыл қағуда

Контрагенттермен жасалған мәмілелер бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолданатындарға қатысты шегерімдерге тыйым салуға, сондай-ақ ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мен тіркеу шегін төмендетуге қарсы петиция өтпей қалды. Ал кәсіпкерлер жаңа салық кодексі шағын және орта бизнес өкілдерін тоқыратуға ұшыратады деп санайды. Салық кеңесшісі Екатерина Ким Instagram парақшасына проблеманы жариялап, жаңа жылдан кейін жағдайдың қиындайтынын…

Толық оқу

Теңге қайта тыныс алды: экономист Мақсат Халық тұрақтылықтың уақытша болуы мүмкін екенін ескертті

Фото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев Соңғы уақытта теңгенің нығаюы қоғам назарында тұр. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, ұлттық валютаның тұрақтана бастауы бірқатар ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен болып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Біріншіден, қазіргі кезеңде әлемдік нарықта АҚШ долларының әлсіреуі байқалады. Бұл — АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету саясатының…

Толық оқу

Банктердің бетпердесі: 30 миллиардтық «қайырымдылық» пен жаппай бақылау нені жасырады?

Фото: Zakon.kz Қазақстанның банк секторы соңғы айларда бірінен соң бірі дау тудырған шешімдер қабылдап жатыр. Бірі мемлекеттен алынған қаражатты қайтаратынын мәлімдесе, екіншісі ипотека беруді қайта қолға алғанын айтып жұбатады. Үшіншісі тиімділігіне сын естіп жатса, төртіншісі халықтың есепшоттарын салық органдарына ашуға дайын. Бұл шешімдердің барлығы сырт көзге реформалық сипатта көрінгенімен, түбінде банктердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен…

Толық оқу

Кәсіпкерлер шу көтерді: Enbek.kz-тегі жаңа “ГПХ шарттары” бөлімі айыппұлдың басы ма?

Фото: Todayinfo.kz Қазақстандағы кәсіпкерлер арасында соңғы күндері үлкен дау туды. Бұған Enbek.kz порталында пайда болған жаңа “ГПХ шарттары” деген бөлім мен еңбек инспекциясынан келген қоңыраулар себеп болды. Желіде тараған бейнежазбада бухгалтер Лолита Закирова еңбек инспекциясынан қоңырау алғанын айтады. Оған “ГПХ бойынша жұмыс істейтін адамдардың шарттарын Enbek.kz жүйесіне енгізбегеніңіз үшін айыппұл саламыз” деген ескерту жасалған. “Біз инспектордан қай…

Толық оқу

Қор нарығында доллар қымбаттады

Фото: Pixabay Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,33 теңгеге қымбаттап, 542,67 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,19 теңге. Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,85 теңгеден сатып алынады, 544,71 теңгеден сатылады. Еуро…

Толық оқу
Яндекс.Метрика