Автогаз бағасы қымбаттайды – вице-министр
Елімізде автогаздың бағасы қымбаттайды. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2025 жылы Қазақстанда автогаз бағасы тағы да көтерілетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, сұйытылған мұнай газының тапшылығы бар. Автокөлік иелері арзан отынға белсенді түрде көшіп жатыр. «Кейінгі екі жылда осы кемшіліктерді қолымызбен жабуға тырысып жатырмыз. Ұлттық компанияларымыздан бізді қолдап, басқа отынға қарағанда сұйытылған мұнай газын көбірек өндіруін сұраймыз. Сондай-ақ…
