Category Archives: Экономика

Кәсіпкерлер шу көтерді: Enbek.kz-тегі жаңа “ГПХ шарттары” бөлімі айыппұлдың басы ма?

Фото: Todayinfo.kz

Қазақстандағы кәсіпкерлер арасында соңғы күндері үлкен дау туды. Бұған Enbek.kz порталында пайда болған жаңа “ГПХ шарттары” деген бөлім мен еңбек инспекциясынан келген қоңыраулар себеп болды.

Желіде тараған бейнежазбада бухгалтер Лолита Закирова еңбек инспекциясынан қоңырау алғанын айтады. Оған “ГПХ бойынша жұмыс істейтін адамдардың шарттарын Enbek.kz жүйесіне енгізбегеніңіз үшін айыппұл саламыз” деген ескерту жасалған. “Біз инспектордан қай заңда бұл талап жазылғанын сұрадық, бірақ нақты жауап ала алмадық”, – дейді ол.

Бұл жағдай кәсіпкерлердің көбін алаңдатты. Олар: “Енді барлық жеке мердігерлер мен фрилансерлерді есепке алып, тағы да қосымша бақылау енгізіп жатыр ма?” – деп сұрай бастады.

Министрлік мұндай үрейге себеп жоқ дейді. “ГПХ шарттары – еңбек шарты емес. Біз тек еңбек шарттарын бақылаймыз. Ал азаматтық-құқықтық шарттар Азаматтық кодекспен реттеледі. Сондықтан еңбек инспекторлары ГПХ бойынша тексеріс жүргізуге құқылы емес”, – деп жауап берді министрлік.

Ал Enbek.kz порталындағы жаңа “ГПХ шарттары” бөлімі жайлы министрлік былай түсіндірді: “Бұл бөлім тек ыңғайлы болу үшін жасалған. Яғни заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы қызмет көрсету шарттарын енгізуге арналған қосымша мүмкіндік қана.”

Бірақ кәсіпкерлерді мазалайтын басты сұрақ ашық қалды – неге еңбек инспекциясынан қоңырау шалып, айыппұлмен қорқытады? Бұл сұраққа министрлік әзірге жауап бермеді.

Құқық саласының маманы Александр Даниловский бұл мәселені басқа қырынан түсіндіреді:
“ГПХ шарттарын Enbek немесе ЕСУТД жүйесіне тіркеу туралы заңды талап жоқ. Бұл жүйе тек еңбек шарттарына арналған. Ал жаңа бөлім әлеуметтік төлемдерге байланысты пайда болды. 2025 жылдан бастап ГПХ бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін де әлеуметтік жарна төлеу міндетті. Сол себепті министрлік бұл процесті цифрландыруды бастаған”, – дейді сарапшы.

Яғни мәселе айыппұл салуда емес, әлеуметтік төлемдерді бір жүйеге біріктіруде.

Қор нарығында доллар қымбаттады

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,33 теңгеге қымбаттап, 542,67 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,19 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,85 теңгеден сатып алынады, 544,71 теңгеден сатылады. Еуро 635,56 — 641,10 теңге, ал рубль 6,39 — 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,02 теңгеден сатып алынады, 78,73 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 541,10 теңгеден сатып алынады, 546,46 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 635,44 теңге, сату — 643,44 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,57 теңге.
— юань: сатып алу — 77,24 теңге, сату — 81,42 теңге.

Биржада доллар тағы құбылды

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге арзандап, 539,54 теңге болды. Ұлттық банктің 16 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 541,18 теңге.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,14 теңгеден сатып алынып, 542,08 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 635,16–639,41 теңге аралығында, рубль 6,43-6,55 теңге шамасында.

Ал Астанада долларды 537,47 теңгеден сатып алып, 542,47 теңгеден сатып жатыр. Еуро — 632,44-640,44 теңге. Рубль бағамы — 6,40-6,60 теңге.

Шымкентте доллар 539,08 теңгеден сатып алынып, 542,08 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 632,96 – 637,88 теңге аралығында, рубль — 6,43 – 6,52 теңге.

 

Апта соңында доллар бағамы 540 теңгеге жетті

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге қымбаттап, 540,84 теңге болды. Ұлттық банктің 12 қыркүйекке ресми бағамы – 538,89 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,61 теңгеден сатып алынады, 541,51 теңгеден сатылады. Еуро 632,42 – 636,01 теңге, ал рубль 6,32-6,46 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 538,72 теңгеден сатып алынады, 543,72 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 629,74 теңге, сату – 637,74 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,29 теңге, сату – 6,49 теңге.

Шымкенттің ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,08 теңгеден сатып алынады, 543,04 теңгеден сатылады. Еуро 628,54 – 634,38 теңге, ал рубль 6,30 – 6,40 теңге аралығында саудаланады.

 

Үш триллион теңге: мұнай алпауыттары қазынаға қомақты қаржы төледі

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартысында мұнай өндіруші компаниялардан бюджетке жалпы 3,167 трлн теңге көлемінде салық түскен.

Оның ең ауқымды үлесі «Теңізшевройлға» тиесілі компания 1,5 трлн теңге төлеген.

Қарашығанақ жобасының операторы «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» осы кезеңде 663,7 млрд теңге аударған.

Ал «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) игеріп жатқан Қашаған жобасынан бюджетке 213,9 млрд теңге көлемінде қаржы түскен.

Комитеттің айтуынша, мұнай секторындағы компаниялардың төлейтін салығы негізінен Ұлттық қордың қоржынын толтырады.

Бұл көрсеткіштің өсуі немесе кемуі сыртқы нарықтағы бағаға және ел ішіндегі өндіріс көлеміне тікелей байланысты.

Айта кетейік, биылғы жарты жылда Қазақстанда жалпы 49,9 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген. Соның ішінде 19,46 млн тоннасы (155,3 млн баррель) Теңіз кен орнының үлесіне тиесілі.

Exit mobile version