Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған
ШҚО-да балабақшада бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Прокуратура «Катюша бала-бақшасы» КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегенін анықтады. Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған. Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады,…
