Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлеменова сынып жетекшілердің жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын растады. «Бұл сұрақ бұған дейін қарастырылған. Бүгінгі таңда жалақының өсуі тікелей қаржылық жағдайға байланысты», – деді министр.
Министрлік мәліметінше, сынып жетекшілерден бөлек, мектепте еден жуушылар мен техникалық қызметкерлер де еңбек етуде, олардың жалақысы да ведомство назарында. Алайда, нақты өсімнің мөлшері мен мерзімі әлі қарастырылуда.
Сүлеменова бұл мәселенің министрліктің басты назарында екенін және оның шешімін қаржы мүмкіндіктері анықтайтынын атап өтті. Жалақыны көтеру бойынша ұсыныстар алдағы айларда қаралуы мүмкін деді.
Мемлекет басшысы БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасымен кездесу өткізді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Оламамен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесті.
Әңгімелесуде Қазақстан мен Әмірліктер арасында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.
Мемлекет басшысы БАӘ жасанды интеллект технологияларын қолдану және дамыту ісінде әлемдік көшбасшы саналатынын айтты. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ІТ секторында бірқатар маңызды жобалар іске асырылғанына тоқталып, әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет танытты.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллектіге маманданған әрі ғылыми зерттеу мен әзірлемелерге басымдық беретін университет ашу жоспарымен бөлісті. Осы орайда әлемдегі алғашқы ІТ университетті құрған БАӘ тәжірибесін зерделеудің өзекті екенін жеткізді.
Кездесуде Smart City бірлескен жобасына ерекше мән берілді. Бүгінде бұл жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Президенттің айтуынша, аталған жоба екіжақты серіктестікті дамытудың маңызды кезеңіне жол ашады.
Фото: Ақорда Президент еліміздің келешегі жарқын болғанын қаласақ, жоғары технология мен жасанды интеллектіні қазірден бастап тиімді пайдалану керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
– Сондықтан соңғы жылдары ұлттық ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп жатырмыз. Бес жылда білім-ғылым саласына салынған инвестиция бес есе өсті. Зерттеу университеттері көбеюде, олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді. Қазір 300-ге жуық коммерциялық жоба қолға алынды. Осылайша, «Университет – зерттеу – инновация – коммерция» кешенді жүйесі орнығып жатыр. Бұл үрдіске күшті серпін беріп, оны таяу арада толығымен енгізу керек. Әлемнің 40 беделді жоғары оқу орнымен серіктестік орнаттық. Бүгінде елімізде 33 филиал ашылды. Технология парктері және инжиниринг орталықтары құрылуда. Ұлттық Ғылым академиясының беделі нығая түсетін болды. Әр аймақта Ғылым жөніндегі кеңестер жұмысқа кірісті. Ғалымдардың мүддесін қорғауға баса мән беріп отырмыз. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды, ғылымды басқарудың жаңа құқықтық негізі қаланды. Ұлттық ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту, бұл – аса маңызды, түйінді мәселе, оны басты назарда ұстау қажет. Жас ғалымдарға барынша жағдай жасала беруі керек. Жалпы, алда әлі де көп жұмыс бар, бұл жұмысқа бәріміз бірге жұмылып, бір ұжым болып, тиянақты қатысуымыз керек. Әйтпесе, күре жолдың шетінде қалып қоямыз, – деді Мемлекет басшысы.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ мазмұны мен әдістемесі толығымен қайта жаңғыртылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ведомство басшысы Президенттің АҚШ-тағы маңызды кездесулеріне тоқталды.
«Қазақстандық антропологтар әлемнің ең көне ғылыми орталығында білім ала алады. Мемлекет басшысының сапары аясында ғылым мен жоғары білімді дамытуға арналған екі маңызды кездесу өтті. Президент АҚШ-тағы ең көне ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі саналатын Смитсон институтының басшылығымен келіссөздер жүргізді. «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық жетекші ғалымдар, антропологтар, мәдениеттанушылар мен тарихшылар осы беделді ғылыми-зерттеу орталығында арнайы білім алу мүмкіндігіне ие болады», – деп жазды Саясат Нұрбек.
Келесі маңызды жаңалық ҰБТ-ға қатысты болды.
«Educational Testing Service (ETS) компаниясы – әлемдегі тестология саласындағы ең көне ұйым. Келіссөздер нәтижесінде ETS-тің жетекші мамандары қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылады. Халықаралық деңгейдегі сарапшылардың тәжірибесі негізінде Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі терең жаңғыртылып, ол заманауи әдістеме мен бағалаудың сапасы жоғары халықаралық стандартқа сай жетілдірілмек», – деп атап өтті министр.
Оның сөзінше, ҰБТ сапасын күрт өзгерту, мазмұнын толыққанды қарастыру бағытындағы жұмыс осы ғылыми орталықпен бірлесіп жүргізіледі. Саясат Нұрбек келесі айда зерттеушілер делегациясы елімізге келетінін хабарлады.
Танымал мектеп директоры, көпке желідегі оқушылармен бірге түскен видеосымен белгілі болған Ақмоншақ Нұртаза ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақмоншақ Нұртаза «Атамекен бизнес» телеарнасында өткен бағдарламалардың біріне қатысқан.
«Буллингтің басын мұғалімдер өздері бастайды, ана бала өспей ме? Мына бала неге «2» алды? Сосын балалар бастайды: «ол екіге оқиды, мынау топас» деп», — деді бағдарлама қатысушысы.
Ақмоншақ Нұртаза аталған пікірге қатысты өз ойын ортаға салды.
«Мұғалімдер буллингтті бастайды дегенмен келіспеймін, менің шамыма тиіп жатыр. Иә, мұғалімдер әр түрлі, салыстыратындар болып жатады.
Қазір эфирде мұғалімдер буллингті бастайды десек, өзі шаршап, әрең жүрген мұғалімдерді одан сайын басамыз, оларға да оңай емес», — деді танымал мектеп директоры.