Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен және Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. «Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады….
