Мардымсыз жауап, сырғытпа сөз: Маңғыстау облысының әкімдігі сыннан кейін премиум-класстағы көліктерді сатып алу конкурсын өткізбейтін болды
Маңғыстау облысының әкімдігі бюджет қаражатына премиум-класстағы көліктерді алмайтын болды. Қоғамға тараған ақпараттан кейін әкімдікке қарасты көліктерді жөндеуге бөлінбек жүздеген миллион теңгенің тендерін де тоқатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі. Бұған дейін БАҚ беттерінде Маңғыстау облысының әкімдігі қызметкерлеріне премиум-класстағы қымбат көліктерді алатыны туралы ақпарат шыққан еді. Тіптен көліктердің сапасы, ішкі жайлылығы, ыңғайлылығы да анық көрсетілген….
