Қазақстанда неге пәтер саудасы күрт төмендеп кетті? Сарапшылар түсіндірді

Елде баспана саудасы күрт төмендеп кеткен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, үй сатып алу өткен айда наурызға қарағанда 22 пайызға азайған. Табысы төмендеген құрылыс компаниялары енді түрлі амал-айласын ойластырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KTK телеарнасына сілтеме жасап. Ал сарапшылардың бұл жағдайға қатысты пікірі екіге бөлінген. Баспана саудасының төмендеуіне не себеп? Мамандардың кеңесі қандай? 10 жылдан астам жылжымайтын мүлік…

Толық оқу

«Халықта туберкулез туралы дұрыс ақпарат жоқ»: Ұлттық орталық басшысы

Бүгін 13 мамыр күні «Камеда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығында Қазақстандағы туберкулез ауруының қазіргі жағдайы туралы баспасөз жиыны өтті. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі хабарлайды. Орталығы Женева қаласында орналасқан әлемдік «Туберкулезді жою-тоқтату» бірлестігінің Қазақстандағы туберкулезге қарсы орталығы елдегі барлық емдеу мекемелеріне туберкулездің соңғы емдеу әдістерін үйретіп, әлемдік медицинаның ғылыми жаңалықтарын емдеу үрдісіне енгізіп отырады….

Толық оқу

Қостанайда күзетшілер 6 дана сарымсақ үшін жігіттің басын кесіп, өртеп жіберген

Қостанайда күзетшілер 6 дана сарымсақ үшін жігіттің басын кесіп, денесін өртеп жіберген. Облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында «Краснопартизанское» бағбандар қауымдастығы тұтынушылар кооперативінің күзетшілеріне қатысты іс қаралып жатыр. Олар сарымсақ ұрлауы мүмкін деп күдіктенген адамның басын кесіп, денесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасаған qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Краснопартизанское» бағбандар қауымдастығы тұтынушылар кооперативінің…

Толық оқу

Үш жасар бала трагедиясы: Мемлекеттің өз міндетін атқармай, барлық істі азаматтарға артып қою – қасірет

FB достарым бейбіт күннің батырлары жайында жарыса жазып жатыр. Олар нағыз адамның жасауы керек істі жасады және қоғамдық сенімді қатайтуға пайдалы болатын амалды жасады. Арамызда ондай адамдардың бар екенін білу бақыт, әрине. Алайда балалардың қауіпсіздігі негізгі тақырып болуы керек. Бірақ бұл жайында аз айтылып, аз жазылып жүр. Балалар қайтадан бейбіт күннің батырларына аманат. Күн өткен…

Толық оқу

Ресей «террористік мемлекеттер» қатарына қосылды

Литва парламенті Ресейді бірауыздан «террористік мемлекет» деп таныды. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы Ордаға сілтеме жасап хабарлайды. Delfi басылымының хабарлауынша, 10 мамырда Литва Сеймі Украинадағы «әскери операцияға» байланысты Ресейді «терроризмді қолдайтын және жүзеге асыратын мемлекет» деп есептейтін қарар қабылдады. Парламент депутаттары қарарға бірауыздан дауыс берді – 128 дауыс. Литва парламенті әскери операцияны «украин халқының геноциді» деп атады….

Толық оқу