Алматы облысындағы мектепте оқушы қайтыс болды

Алматы облысындағы мектепте оқушы қайтыс болды. Қайғылы оқиға Талғар ауданының Еламан ауылында орын алған. Ауыл тұрғындарының мәліметінше, оқушы мектепке мопедпен келген. Алайда тоқтап үлгермеген 9-сыныптың оқушысы мектептің қоршауына соғылған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жанаргүл Күнсақалова басқаратын №41 мектептегі қайғылы жағдай бүгін болған. Алған жарақатынан 2004 жылы туған  оқушы оқиға орнында қайтыс болып кеткен. «Мектепке…

Толық оқу

Ауруханадан абақтыға: журналист Арыстанбек Мұхамедиұлының қамалғанын мәлімдеді

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұған дейін Антикор оның үстінен іс қозғалып, тергеу басталғанын айтқан болатын. 1,2 млрд теңгеге жасалған келісімшарттан кінарат таптық деген тергеушілер экс-министрді 146 млн теңгені қалтаға басты деп айыптап отыр. Осы ақпарат ресми жарияланысымен А.Мұхамедиұлының денсаулығы күрт нашарлап, ол ауруханадан бір-ақ шыққан. Алғашында оның…

Толық оқу

Ресейліктерге ЖСН уақытша берілмейді

Қазақстанда шетелдіктерге арналған ЖСН қызметі уақытша жабылды, деп хабарлайды Qazaq.Today. Бұл туралы электронды үкімет сайты жазды. «Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметтерге сәйкес, «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЖСН беру» қызметі қазір қолжетімді емес. Қызмет бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қалпына келтірілетінін айтты. Шетелдіктерге ЖСН берудің тоқтатылуының себептері сайтта…

Толық оқу

«Бюджетті талан-таражға салды»: Алматы облысында әкімдік аяқсыз қалған құрылыс жұмысын қабылдап алған

Алматы облысында әкімдіктің қызметкерлері бюджеттің қыруар ақшасы жұмсалса да аяқсыз қалған құрылыс жұмыстарын мердігерден қабылдап алған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Кеген аулына небәрі 5 км-ге жуық арық тарту үшін бюджеттен 52 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда 2017 жылы басталған жұмыс жартылай шала қалған. Тапсырыс беруші Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жартысы жасалмаған арықты мердігер…

Толық оқу

«Депутат күріш егуге кедергі келтіріп отыр»: Қызылорда облысында шаруалар конкурстан жеңіп алған жерін ала алмай жүр

Қызылорда облысында әкімдік өткізген конкурстың соңы дауға ұласты. Салдарынан Сырдария ауданындағы шаруа қожалықтары биыл да күрішсіз қалмақ. Мемлекет меншігіндегі суармалы жерлер күріш өсіру үшін шаруа қожалықтарына конкурс арқылы бөліп берілген. Алайда әкімдіктің бұл шешіміне мәслихат депутаты қарсы шыққан. Жүздеген гектар алқапты өзіне ала алмай қалған облыстық мәслихаттың депутаты жергілікті шаруалардың жұмысына кедергі келтіріп қана қоймай,…

Толық оқу