Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы Қытайда ұсталып, елге қайтарылды
«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович болды. Бұл туралы Антикор жазды. 2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады. 2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды. Күдіктінің…
