«Сириядағы соғыста қаза тапқан»: Атыраудағы «Ұлттық қыздар мектебіне» қатысты тексеріс басталды
Атырауда сәләфи исламистер бүлдіршін қыздардың құқын таптап, бет-жүзін тұмшалау мақсатында «Ұлттық қыздар мектебі» дейтін сәләфилік бағыттағы жаңа мектеп ашқан. Блогер, қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышева «Адырна» порталына осылай деп мәлімдеген. «Аталмыш діни мектепке Атырау өңірінің тұрғыны Жолмұханова Жұмазия басшылыққа тағайындалған. Ең сорақысы мектеп директоры Жолмұханова Жұмазияның туған інісі Жолмұханов Қанкерейдің қызы Жұлдыз Қанкерейқызы мен күйеу баласы Мұратбеков…
