Қаңтарда қастандық ұйымдастырған қарақшылардың қылмысын ақтауға жол берілмейді – Президент
Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесу барысында қаңтарда бұзақылық жасаған адамдарды дәріптеп, қолдан қаһарман жасауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. «Уақыт – емші» дейді халқымыз. Қасіретті күндер алыстаған сайын біртіндеп көмескі тарта беретіні анық. Қарулы топтардың қалай ойран салғаны да естен шығуы мүмкін. Бірақ біз ел ішіне жік салғысы келетін арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек….
