LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде
LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек Ачилов LRT, BRT желілерінің жобалары бойынша француздық SYSTRA компаниясымен консорциумда жұмыс істеген «Нұр-Трейд» компаниясының басшысы болды. Оған ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік етті, бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп, жымқырды деген…
