«Қалбатау-Майқапшағай» жолы: Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания 21,4 млрд теңгені өз мақсатына пайдаланған
Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов автомобиль жолдары саласындағы тексерулердің нәтижелеріне арналған кеңейтілген алқа отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Ол орасан зор бюджет қаражатының бөлінетініне қарамастан, автожолдардың сапасы азаматтардың наразылығын тудыратынын атап өтті. «Тексеру нәтижелері көптеген бұзушылықтарды анықтады, соның ішінде тапсырыс берушілердің орындалмаған жұмысқа ақы төлеуі, сметалық құнды асыру, жобалардан ауытқу, құрылыс нормаларын сақтамау деректері…
