«Би билейтін уақыт емес, ой ойлайтын уақыт»: Асхат Аймағамбетов тренд қуатын мұғалімдерді сынады
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім берудің тиімді жолын іздегенше, әр қадамын видеоға түсіріп, тренд қуатын директорларды, мұғалімдерді сынаға алды. Депутат жасандылықпен айналысатын директорлар жайлы Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. Депутат әлеуметтік желіде тренд қуып, видео түсіретін мұғалімдердің әрекетін қолдамайтынын айтты. Сонымен қатар педагог көп уақытын желіге жұмсағаннан гөрі оқушыға білім…
