Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты берген тапсырмаларын орындау шаралары туралы Премьер-министрдің, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерінің баяндамаларын тыңдады. Бұл оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екеніне қарамастан, аталған жағдайға еліміздің азаматтары…
