«Балаларым ұйықтап жатқанда баспанамды қиратып кетті»: Астана әкімдігіне ашынған ана жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)
Астанадағы келіншектің айтуынша, әкімдік өкілдері оны алдап, басқа жаққа жіберіп, өзі мен күйеуі үйде жоқта баспанасын техникамен талқандаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сол кезде ішінде екі баласы ұйықтап жатқан екен. “Балаларым бейқам ұйықтап жатқан еді. Мені әдейі шақырып алып, дәл сол сәтте баспананың төбесін қопарып, қабырғаларын қирата бастады. Бір жағынан экскаватормен, бір жағынан…
