«Сот біржақты жүріп жатыр»: Түркістан облысында мал ұрлығын ашқан полицейлердің өздері ұзақ жылға сотталуы мүмкін
Түркістан облысында полицияның алты қызметкері ұзақ жылға сотталып кетуі мүмкін. Түркістан қалалық сотында прокурор судьядан «Азаптау» айыбына іліккен алты полицейдің бәрін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сауран аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкерлері атақ-шендерінен де айырылып қалмақ. Мемлекеттік айыптаушы Ербол Шінәділ полицейлерді 5 және 5 жыл 6 айға дейін соттап, жазаларын қауіпсіздігі оршата түзету мекемесінде өтеуді сұрады….
