«Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Іздестіру жұмыстарын Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Іздестіру ісі 23 қаңтарда Алматы облысында тіркелген. Күдікті Kazakhstan Kagazy PLC және «Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы бас директоры. Ол компанияны 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарған. Бірнеше жылдан кейін, 2013 жылы жаңа меншік иелері мақсат Мақсат Әріп 150 млн долларды Kazakhstan Kagazy құрамына кірмеген компаниялардың…

Толық оқу

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.  

Толық оқу

Елімізге Башқұртстанның басшысы Радий Хабиров келді

Бүгін елімізге Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров келді. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде президент Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастықтың елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Осы орайда Башқұртстан Республикасы ерекше рөл атқарады. «Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қарым-қатынасқа тың серпін беру тұрғысынан алғанда, бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп…

Толық оқу

Жамбыл облысында аурухана басшылығы 758 млн теңге жымқырған

Коллаж: Azattyq Ruhy Жамбыл облысында аурухана басшылары 760 миллионға жуық қаражатты ұрлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы…

Толық оқу

Құлсарыдағы төбелес салдарынан 11-сынып оқушысы көз жұмды

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жастар арасында өзара келіспеушілік болып, соңы мектеп оқушысының өлімімен аяқталды, деп хабарлады «Ақ Жайық». Оқиға қаланың сырт жағында болған. Түнгі сойқанға қатысқан жастардың арасында мектеп оқушылары да бар болып шықты. Жанжал кезінде М. Сатыбалдиев атындағы орта мектептің 2006 жылы туған, 11-сынып оқушысы пышақ жарақатынан ауруханаға жетпей…

Толық оқу
Яндекс.Метрика