Есік көлі мемлекет меншігіне қайтарылды — әкімдік
Есік көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Көл 2019 жылдың 08 сәуіріндегі қаулының негізінде жекенің басқаруына өтіп кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 142 гектарға жуық жерімен бірге Есік көліндегі бөгет 49 жыл мерзімге жалға берілген. Шарт «Қазэлектроэнергия» ЖШС-мен 1 млрд 052 млн. теңге сомасына жасалған. Алайда аталған компания келісімшарттағы уәделерін орындамаған. «2023 жылы Алматы облысының қаржы басқармасы…
