Тоқаев Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті. Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Толық оқу

Қарағандыда аудан әкімі мерекелік безендіруге 1 миллиард теңге жұмсалмақ болған

Фото: Pixabay Қарағанды прокуратурасы 900 миллион теңгеден астам сомаға конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңгені құрайтын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды. Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық…

Толық оқу

Kazakhstan Kagazy экс-бас директоры БАӘ-де ұсталды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. «Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды», — делінген хабарламада. Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Мақсат Әріп…

Толық оқу

Аргентинада іздеуде жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды

Аргентина аумағында ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомство өкілдерінің nur.kz тілшісіне хабарлауынша, өткен жазда елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеу жариялаған. Ол 196 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет…

Толық оқу

Тоқаев Елтаңбаның өзгеруі мүмкін екенін тұспалдады

Президент болашақта Елтаңбаның өзгеретінін айтты. Ол алдағы уақытта ашық байқау жарияланатынын мәлімдеді. «Ұлттық бірегейлігіміз мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқан. Мен былтыр аймақтардың нышанын, яғни символикасын жүйелеп, бірыңғай стандартқа келтіру қажеттігін айттым. Нышандардан сол өңірдің ерекшелігімен қатар, еліміздің болмыс-бітімі де байқалуға тиіс. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Бұған мамандар, сарапшылар және белсенді азаматтар атсалысуда….

Толық оқу
Яндекс.Метрика