Құлсарыда әлі 2748 үй суда тұр

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева өңірдегі тасқыннан ең көп зардап шеккен Жылыой ауданындағы жағдай туралы мәлімет ұсынды. «Жылыой ауданындағы ахуал төтенше жағдайлар қызметінің қатаң бақылауында. Құлсары қаласында Жем өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 20 сантиметр төмендеді. Жалпы тасқын басталғаннан бері 136 сантиметр төмендегенін айту керек. Барлық қызметтер күшейтілген режимде…

Толық оқу

«Өлгенше ұрған»: Ақтөбеде көз жұмған спортшы баланың туыстары мәлімдеме жасады

Жұмбақ жағдайда көз жұмған 13 жастағы жасөспірімнің туыстары әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz. сілтеме жасаған Qazaq.today агенттігі. Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтегі Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі тәрбиеленушісі ұрып-соққаннан болды деп есептейді. «Бауырым Бексұлтан Әбубәкірді жоғары сыныпта оқиытн мектеп оқушылары ұрып өлтірді. 11 сәуірде кешке бауырларым бөлмелерді жинамағаны үшін ол жерде дедовщина болған. Төбелес…

Толық оқу

Тоқаев Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі…

Толық оқу

Үкімет су тасқынымен күрес қарқынын арттыра түсуде

Фото: primeminister.kz Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті

Қазақстан Президенті Арменияға алғашқы ресми сапарына ерекше мән беретінін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. – Армения Қазақстан үшін маңызды, өте мағыналы серіктес болып табылады. Ежелгі өркениет бастау алған тарихы мен мәдениеті бай армян халқының жеріне ыстық ықыласпен, ерекше сезіммен келіп отырмын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің айтуынша, Премьер-министр Никол Пашинянмен жүргізген келіссөздер барысында…

Толық оқу
Яндекс.Метрика