Павлодарлық оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ сұғып алған (ВИДЕО)

Фото: Pixabay Павлодарда оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұғып алған. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салған Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды. Осы факті бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Толық оқу

Ақмола облысында «Арлан» жасағының полицейлері екі ағайынды жасөспірімді орманға апарып тепкілеген

Ақмола облысында жас қыз Тоқаевтан көмек сұрады. Оның айтуынша, полицейлердің шабуылынан соң отбасы күйзеліске түскен. Бойжеткеннің 17 және 18 жастағы бауырларына «Арлан» мамандандырылған және элиталық полиция бөлімшесінің қызметкерлері шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Сондай-ақ, жас қыз істің тергелмей жатқанын айтып, болған оқиғаны жайып салды.   «Кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері Көкшетауға апаратын жолда төтенше жағдай тудырған….

Толық оқу

Салтанаттың әкесі күйеу баласы Бишімбаевты айуанға теңеді

Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін журналистерге сотқа қатысты ойын атйып, пікір білдірді. Ол өзінің экс-күйеу баласы Қуандық Бишімбаевты айуанға теңеп, оны өмір бақи түрмеге қамайды деп үміттенетінін айтты. – Күнде өліп, күнде тіріліп жатырмыз. Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп айтып жатыр. Біз қазақпыз. Біз дала заңын құрметтейміз. Мен бұл айуан өмір бақиға…

Толық оқу

Қызылорда қаласында бір күнде үш бала терезеден құлап кетті

Қызылорда қаласында бір күнде ересектердің қарауынсыз қалған үш бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға кеше, 12 мамырда облыс орталығында болған. Сағат 21.37-де көп қабатты үйдің үшінші қабатындағы балконнан үй иесінің 2017 жылғы қызы мен 2018 жылғы туысы құлап кеткен. Олар әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, қаланың сол жағалау бөлігінде көп қабатты үйдің бірінші…

Толық оқу

Ортағасырлық Сарайшық қалашығы суға кетуі мүмкін

Атырау облысының Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылына құтқарушылар мен әскерилер көмекке келді. Өйткені ортағасырлық Сарайшық қалашығы мен археологиялық қазба орындарындағы ежелгі қорымдарды су басу қаупі бар, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, мұнайлы өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің 40-қа жуық қызметкері Индер ауданынан аталған ауылға көмекке жіберілген. «Қазір Сарайшық ауылында Жайық өзенінің жағалауын…

Толық оқу
Яндекс.Метрика