Жезқазғанда полиция көліктеріне күштеп отырғызған адам қайтыс болып кетті
Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жанжал шығарып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ер адамды медициналық мекемеге тексеру үшін алып бара жатқанда оның жағдайы…
