СҚО-да әкімдік қызметкерлері 50-ге жуық жетім баланы баспана кезегінен заңсыз шығарып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды  Qazaq.today агенттігі.  Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның талаптарын бұза отырып, 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 43 жетім баланы тізімнен негізсіз алып тастаған. Сондай-ақ осыған ұқсас заңсыздық («Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 71-бабының талабына…

Толық оқу

Димаштан асып түсетін жастар тәрбиелеймін – Айгүл Иманбаева

Фото: aigul_imanbayeva инстаграм парақшасынан Жақында Лондон қаласынан оқудан оралған әнші Айгүл Иманбаева Qazaqstan.tv арнасының «1001 түн» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ол алған білімін, тәжірибесін тәрбиелеп отырған шәкірттеріне жұмсайтынын жеткізді. «Кім қандай мақсатта баратынын, оқып келетінін мен білмеймін. Жалпы менің мақсатым, қай жерде отырайын, қай жерде жүрейін маған өнер деген жолды Құдай…

Толық оқу

«Құрылыс компаниясының бас директоры бостандықта жүр»: алданған ақтаулық тұрғындар Тоқаевтан көмек сұрады

Маңғыстау облысында тұрғындарды құрылыс компаниясының басшысы алдап кеткен. «ISA Group» ЖШС салымшылары Тоқаевқа видео үндеу жолдады. Жолдауда тұрғындар осыдан төрт жыл бұрын тапсырамыз деп уәде еткен үйлерінің құрылысын аяқтауды тездетуді сұраған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Олардың айтуынша, компания «Сұлтан», «Мұрагер» және «Аққала» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтауға тиісті болған. Қазір жалпы саны 800-ге…

Толық оқу

«Қатаң шаралар қабылданады»: министр Бейсембаев Төңкерістегі директордың жеке дәретханасы туралы

Алматы облысындағы мектеп директорының жеке дәретханасынан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабардар. Министр бұл даулы істі анықтайтынын хабарлады. Ол мектептердегі сыртқы дәретхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын да айтып берді. «Алматы облысы Төңкеріс ауылында түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады. Онда мектеп директоры өзінің жеке дәретханасын ашып алған. Ал жүзден астам мұғалім бір әжетханаға барады. Бұл оқиғадан хабарыңыз…

Толық оқу

Халқы митингке шығып жатқанда Құлсары әкімдігі ойын алаңы үшін 1,8 млрд теңгенің тендерін өткізді

Фотоколлаж: Qazaq.today Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсарыда 1,8 млрд теңгеге әмбебап балалар ойын алаңы салынбақ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ойын алаңы туралы ақпараттың қолжетімсіздігіне қарамастан, Qazaq.today тілшісі құрылыстың мән-жайы туралы деректерді анықтап көруге тырысты. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Құлсары қаласы әкімі аппараты лот жариялап, 2024 жылы 26 сәуір күні тараптар…

Толық оқу
Яндекс.Метрика