«Қонаев қаласында қытайларға жер берілген»: әкімдік 8 гектар жерге қатысты түсінік берді
Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 гектар болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тарады. Әкімдік осы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. «Тарқатып айтсақ, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектар. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан учаске, яғни, №7…
