Тоқаев Мирзиёевті Ақордада қарсы алды
Фото: Ақорда «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
