Боксшы дауы: Жаңқош Тұраровтан зорлық көрдім деген Әнару мешітте жеті шелпек таратты  

Кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровты соттатпақ болып жүрген композитордың қызы Әнару Құрманәлі имамның алдына барды. Ол Орталық мешітте марқұм анасына құран оқытты, деп хабарлайды Qazaq.today.  «Әнарудың анасының аруағына бағыштап, жеті шелпек пісіріп, мешітке барып, құран оқыттық. Әнару шелпектерді өз қолымен пісірді. Қамырын мен ашытып кеткем. Үстіндегі көйлек менің көйлегім. Тігіншілік өнерімнің алғашқы туындысы ғой. Мамасының киімін…

Толық оқу

Майқайыңдағы апат: қайтыс болған жігіттің отбасы компаниядан 120 млн теңге өндірді

Павлодар облысының соты Майқайыңалтын кен орнында шұңқырға құлаған автобус оқиғасы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today.  Төтенше жағдайлар министрлігі, Павлодар облысының әкімдігі, мемлекеттік еңбек инспекторы, «Майқайыңалтын» АҚ, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нен құралған комиссия жазатайым оқиғаға тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі — 100%, жұмыскерлердің кінәсі мүлде жоқ деген қорытындыға…

Толық оқу

Жұмыста да, өмірде де қаталмын: Бишімбаевтың ісін қараған судья процестен кейінгі өмірі туралы айтты

Салтанат Нүкенованы асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева Tengrinews.kz-ке сұхбат берді. Сұхбат барысында ол атышулы экс-министрдің ісі, сот процесі аяқталғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді. Айжан Құлбаева – Түркістан облысының тумасы. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. — Әділет басқармасында оқыдым. Кейін ол сот әкімшісі болып қайта құрылды. Бастапқыда…

Толық оқу

Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержантты әріптесі атып тастады

Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержанттың білегіне оқ тиген. Қазір ол Ескелді ауданындағы ауруханада ем алып жатыр. Бұл турады Qazaq.today агенттігі Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Оқ тиіп жараланған кіші сержант Темірбек Мыңжасаров Сарыөзек гарнизонында жұмыс істеген. Осы жерде 6 ай әскери борышын өтеп, бір жыл бұрын келісімшартпен әскери қызметке қабылданыпты. Отарға оқу-жаттығуға…

Толық оқу

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні: Ұлы тұлғаның өмірі мен мұрасы

Бүгін, 5 қыркүйек, қазақтың ұлы ағартушысы, ғалымы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ол — қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Осы айтулы күнге орай, оның өмірі, қызметі мен мұрасы жайлы толығырақ тоқталайық. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Сарытүбек ауылында дүниеге келген….

Толық оқу
Яндекс.Метрика