Таза Қазақстан: Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жалғасып жатыр
Алматы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін, 12 шілдеде қаланың барлық аудандарында кезекті сенбілік өтті. Бұл шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен жекеменшік ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Кампанияның мақсаты — тек аумақтарды санитарлық тазарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту. Түрксіб…
