Алматы өнеркәсібі 5 айда триллион теңгеге жуықтады

Алматыда өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылы қаңтар-мамыр аралығында өндірілген өнім көлемі 976,2 млрд теңгеге жетті. Бұл жөнінде қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. Машина жасау саласында ең үлкен өсім байқалған, өндіріс көлемі 36,3% артып, 366,1 млрд теңгеге жетті, оған өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 46,7%-ы тиесілі. Машина жасау құрылымында негізгі үлесті (36,1%)…

Толық оқу

Алматыда өткен демалыс күнгі жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты

 Жыл басынан бері Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерге қаланың 550 000-нан астам тұрғыны мен қонақтары қатысты. Апта сайынғы уақытша сауда алаңдарында Алматы мен Алматы облысының 320-дан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері 1000-нан астам азық-түлік тауарларын ұсынады. Олардың ішінде көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер бар. Өнімдер жәрмеңкеге делдалдарды…

Толық оқу

Кадрлық өзгеріс басталды: Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Олжас Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today қала әкімдігіне сілтеме жасап. Олжас Смағұлов Алматы қаласында дүниеге келген. Олжас Мұхтарұлы Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану…

Толық оқу

Тендер алудан рекорд орнатқан: Алматы әкімі метро құрылысын салып жатқан олигарх Беловичтің жұмысын қатаң бақылауға алмақ

Алматы әкімдігі метро құрылысын қатаң бақылауға алмақ. Тіптен олигарх Александр Беловичтің жұмысын тексеріп тұру үшін арнайы штаб құрылмақ, деп хабарлайды Qazaq.today. Жобаға сәйкес, қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» станциясынан салынып жатқан «Қалқаман» станциясына дейінгі аралықтағы туннельдердің ұзындығы 1,98 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда сол жақ бағыттағы тоннель толық қазылып біткен, ал оң жақ бағытта 887 метр жер қазылған….

Толық оқу

Алматы әкімі №6 Оқушылар үйінің реконструкциясын бақылауды тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындар үшін маңызды жобалармен танысты. Іс сапар Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі мен жатақхананың жаңа ғимаратының құрылыс нысандарын аралаудан басталды. Оқу орны 1940 жылы құрылған. Ескі ғимарат пайдалануға берілген кезден бері жөндеу көрмегендіктен, оны бұзып, жаңа корпус салу туралы шешім қабылданды. Жаңа ғимаратта заманауи жабдықтармен…

Толық оқу