Оралдағы құрылыс алаңында ер адам көз жұмды
Оралда құрылыс алаңында өтіп бара жатқан адамның үстіне кірпіш құлап кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің жанында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде кірпіш биіктіктен құлап, өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен. Полицияның хабарлауынша, марқұм шамамен 60 жаста болған….
