Теміртауда болған жарылыстан бір адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады. Еске сала кетейік, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған болатын. Дүкен опырылып, өртенген.
