
Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында I Республикалық «Ұлттық дәм фестивалі» өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі базасында I Республикалық «Ұлттық дәм фестивалі» байқауы өтті. Фестивальге әлеуметтік серіктестер, Алматы, Тараз қалаларынан, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарынан келген колледж студенттері, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар қатысты. Байқауға жалпы саны 60-қа жуық қатысушы жиналды, ал іс-шараны 50-ден астам қонақ тамашалады. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің…