Атырауда балалардың көзінше күшікті аяусыз қорлаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан кадр Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында болған. Аталған деректі растаған полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 жастағы күдікті ұсталған. «Полиция департаменті оқиға Жұлдыз шағынауданында орналасқан балабақша ауласында болғанын мәлімдеді. 30 жастағы ер…

Толық оқу

Қызылорда облысында мектеп оқушысының өлімінен кейін әкімдер жазаланды

Облыстағы Шиелі және Сырдария аудандарының әкімдері қатаң сөгіс алды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған, төбелеске жол берген Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, учаскелік инспектор қызметтерінен босатылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімі жиын өткізді. “Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 30-дан 26-ға дейін…

Толық оқу

«Тәңір ақысы». Мүгедек көршісі үшін шұрық-тесік жолды бітеген тұрғынның ісі көпті сүйсінтті

Фото: inbusiness.kz  Ақтауда мүмкіндігі шектеулі көршісінің арбамен шұрық-тесік жолмен баласын балабақшаға апарып жүргенін көрген ер адам жолды өз бетімен жөндеп берген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұған дейін әйелдің көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Видеода олар Ақтаудың 14-ықшамауданындағы 47-ғимараттан жақын маңдағы балабақшаға дейінгі шағын аумақты жөндеуді сұрайды. Көршілерінің айтуынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы жоқ….

Толық оқу

Солтүстік Қазақстанда 43 жетім баланы пәтер кезегінен негізсіз алып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының өрескел бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. СҚО прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы орган жергілікті атқарушы органдарды тексерді. Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, тұрғын үйге 2010 жылдан бері кезекте тұрған 43 жетім баланы тұрғын…

Толық оқу

Павлодар облысында зираттар цифрланып жатыр

Фото: Kazinform Зират басындағы құлпытастар суретке түсіріліп, арнайы платформаға енгізіледі. Жобаға өңір бойынша 20-ға жуық мұсылман зираты қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Мұсылман зираттарындағы құлпытастарды цифрлы жүйеге енгізу бұған дейін Астана және Шымкент қалаларында жүргізілген. Ендігі кезекте бірнеше облыспен бірге Павлодар өңірінде де қолға алынып жатыр. Бірыңғай платформа болашақта туыс-туғандарыңыздың жерленген жерін іздеген…

Толық оқу
Яндекс.Метрика