 
        
            15 жасар жеткіншек Жайық өзенінен тасыған суға батып кетті
Атырау облысында 15 жасар жасөспірім Жайық өзенінің жайылмасындағы суға батып кетті. Бұл деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады. Тасқын су Индер ауданының орталығы — Индербор кентінің тұсында Жайық өзенінен жайылмаға шыққан. Индербор кентінде тұратын бір топ жасөспірім 28 мамырда күндізгі уақытта сол суға барған. Жасөсірімдер жайылмадағы деңгейі 170 см болатын суға шомылғаны…

 
         
         
        