Category Archives: Аймақ

Қарағандыда екі тәуліктен бері колониядан қашып кеткен тұтқын іздестірілуде

Фото: Pixabay
Қарағанды облысында сотталған адам қоныс колониясынан қашып кетті. Ер адам жұмыстан мекемеге оралмаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сотталған адам Қарағанды облысының Долинка кентінде орналасқан ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен қашып кетті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, екі күн бойы елді мекенде дүрбелең басталды. Формадағы адамдар қашқынның ықтимал байланыстарын анықтауға тырысып, бұрын сотталған адамдармен сұхбаттасуда.

Тұтқынның қашып кетуі туралы ақпаратқа Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, сотталған адам жұмыстан кейін колонияға оралмаған.

«Жалтару, атап айтқанда жазасын өтеушінің жұмыс орнынан ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне оралмауы фактісі бойынша іздеу іс-шаралары жүргізілуде. Мекеменің жеке құрамы мен ҚАЖД жұмылдырылды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.

Шымкентте жеке сот орындаушы жарты миллионнан астам теңгені жымқырған

Фото: pexels.com

Шымкентте жеке сот орындаушы берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені өз шотына аударып, ақшаны иемденіп алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қалалық прокуратура мәліметінше, сот шешімімен борышкер талапкерге 1 млн 275 мың теңге төлеуге міндетті болған. Бұл сома борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушының есеп шотына аударылып отырған.

Алайда ол ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Аталған факті бойынша жеке сот орындаушының үстінен Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

«Жосықсыз жеке сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды», — деді қалалық прокуратура.

Ақтауда ақталып шыққан полковниктің ұлы қайта қамауға алынды

Фото: freepik

Ақтауда сот есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

4 маусымда Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының Батыс Қазақстан полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның өтінішін қарап, оны толығымен қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.

«Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді, сотталушы сот залында қамауға алынды», — деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, 15 мамырда Ақтауда алқабилер соты есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шыққан болатын. Прокуратура іс бойынша толық дәлелдемелік база, екі куәгердің айғақтары және сотталушының кінәсін растайтын басқа да тергеу хаттамалары жиналғанын хабарлады.

Ақтөбеде спорт ардагері министрлікті сотқа берді

Фото: Diapazon.kz

Гір көтеруден Қазақстанның халықаралық спорт шебері Бөгежан Аманбаев туризм және спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетіп, ақша өндіріп алды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы соттың дерегінше, 2023 жылы өткен әлем чемпионатында Аманбаев 65-69 жас аралығындағы үш деңгей бойынша екі І және бір ІІ орынды жеңіп алды. Спортшы министрлікке шағымданғанымен, мемлекеттік мекеме ардагерлерге төлемақы қарастырылмаған ережелерді алға тартып бас тартты.

“Ережеге сәйкес жеке спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, ұлттық құрама мүшелеріне ақшалай сыйақы төленеді. Әр спортшыға алған әр орыны үшін 100% көлемінде сыйақы төленеді. Оның үстіне көтермелеу төлеміне тікелей тыйымдар жоқ. халықаралық жарыстардың жеңімпаздары – спорт ардагерлеріне”, – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі

Аманбаев 27 ұлттық құраманың спортшыларымен бірге қатысты. Сондықтан сот министрліктің уәждерін негізсіз деп тапты. Талап-арыз қанағаттандырылып, енді туризм министрлігі өтемақы төлеуге міндеттелді.

Семейде такси ұстаған қыздың денесі табылды: Оның өліміне анасы кінәлі деп айтыпталуда

Фото: ratel.kz

Семей маңынан бір апта бұрын жолдың бойында таксиге мініп, жоғалып кеткен 30 жастағы әйелдің денесі табылды. Тергеушілердің айтуынша, қыздың анасы кісі өліміне қатысы бар деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

1 маусымда күні кешке жақындары жоғалған әйелді табу үшін көмекке жүгініп, полицияға 2 маусымда ғана хабарласқан екен.

«2024 жылдың 2 маусымында “102” арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне «Ауыл» станциясының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамыр күні 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады бізге Абай облысының полиция департаменті.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өлімнің себебі анықталып жатқанын айтты.

«Полиция қызметкерлері жүргізген шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалуының мән-жайы анықталып, күдікті әйел қамауға алынды, Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.