Category Archives: Аймақ

Павлодарда 15 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

Фото: poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қыздың хабарсыз кеткеніне үш күн өткен. «VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеп жатыр, деп жазады el.kz.

4 мамыр күні Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4 мекенжайдағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.

Қыздың бойы — 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, жилет және ақ аяқ киім киген.

Көрген-білген жандар болса, полицияға хабарласуын сұрайды.

Қызылордада көп мөлшерде дәрі ішкен оқушы ауруханаға түсті

Қызылорда қаласында 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскен деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған оқиғаға байланысты білім бөлімі төмендегі мәліметті жеткізеді. Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық білім бөлімінен.

Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

Фото: Pixabay

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Дереккөзіне сүйенсек, бұл әкім шаруа қожалығын конкурсқа қатыстырмай-ақ оған 120 гектар жер беріп жіберген. Яғни, Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзған.

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды», — деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген, мақсатты түрде пайдаға жаратылмаған. Сонымен қатар, біреулерге жер заңнамасын бұза отырып берілген.

Ақтөбеде 5 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бөлмеде ойнап жүрген 5 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жаз мезгілінде терезе жиі ашық тұратынын айтып, тұрғындарға жиі ескерту жасап келеді. Дегенмен балалардың терезеден құлап кету дерегі жиілеп кетті.

– Бала бөлмеде ойнап жүріп, терезе алдына шыққан. Олар көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрады. 5 жасар бала абайсызда құлап, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Биыл облыста 7 бала терезеден құлады. Біреуі қайғылы аяқталып тұр, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

РФ-ның 76 субьектісі Қазақстанда орналасқан — Путин

Ресей Федерациясының 76 субъектісі Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынаста. Бұл туралы Ресей президенті ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесу барысында мәлім етті.

Оның пікірінше, мұндай өзара әрекеттесу тиімдірек.

«Бізде үлкен ортақ шекара бар. Адамдар бір-бірімен араласады. Ресей Федерациясының 76 субъектісі Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынаста, тікелей байланыста. Айтпақшы, олар тиімдірек шығар, жақсы жұмыс істейді, өйткені адамдар бір-бірімен тікелей байланысады, бір-бірін біледі, бір-біріне сенеді», — деп атап өтті Владимир Путин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесті.