Category Archives: Аймақ

Ақмола облысының тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды

Фото: Pixabay

Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Ақмола полицейлері Ерейментау қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол 4 қаңтар күні мас күйінде 102 нөміріне қоңырау шалып, бомба қойылғандығы туралы хабарлаған болатын.

Бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін төтенше жағдайлар қызметі келіп, адамдарды эвакуациялап, аумақты қоршап алды.

Көрсетілген мекен жайды тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Құқық бұзушының айтуы бойынша, ол тек жедел қызметтердің әрекеттерін тексергісі келген.

Қазіргі уақытта Ерейментау аудандық сотының үкімімен кінәлі сотталды.

Шымкентте клиника өртеніп кетті

Фото: ҚР ТЖМ

Шымкент қаласының Абай ауданында жеке көз клиникаларының бірінде алдын ала 180 шаршы метр алаңда 4-ші қабаттың төбесі жанып кетті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысында ағайындылар қайтыс болды

Фото: Pixabay

Ақтөбе-Астрахань тас жолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы El.kz сайтына сілтеп.

«Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 156 шақырымында Opel Zafira автокөлігі қарсы бағытқа шығып, жол бойындағы қоршауға соғылған. Оқиға орнында 27 жастағы жүргізуші мен 21 жастағы жолаушы қайтс болды. Жол апатына жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болған.

Облыстық ПД-нің баспасөз қызметі өкілдері аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен Темір ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелкенін мәлімдеді.

Жол апатынан зардап шеккен 32 жастағы тұрғын Темір аудандық ауруханасына жеткізілді.

Петропавлда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Фото: Pixabay

Петропавлда төрт жастағы бала бес қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел нөміріне Ибраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түсті.

Қазіргі уақытта бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Тексеру жүргізіліп жатыр.

Өскеменде 8 жастағы қыз екі есік арасына қысылып қалған

Фото: видеодан кадр

Өскеменде 8 жастағы қыз есіктер арасына қысылып қалған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Протозанов көшесіндегі бір үйдің тұрғындары балалардың көмекке шақырған дауысын естіген. Кішкентай қыз екі есіктің арасында қалып қойғаны белгілі болды.

Көршілері құтқарушыларды көмекке шақырған. Мамандандырылған отряд қызметкері Арнат Қасенов баламен әңгімелесіп, оны тыныштандырып, бір мезгілде құлыпты бұзып жіберген.

«Есік ашылған бойда, 2016 жылы туған қызды аман шықты, алайда операция мұнымен бітпеді — құтқарылған қыздың ағасы пәтерде екінші есіктің артында қалды, ол да шығарылды», — делінген хабарламада.

Балалар қазір қауіпсіз жерде.