Ақмола облысының тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды
Фото: Pixabay Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ақмола полицейлері Ерейментау қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол 4 қаңтар күні мас күйінде 102 нөміріне қоңырау шалып, бомба қойылғандығы туралы хабарлаған болатын. Бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін төтенше жағдайлар қызметі келіп, адамдарды эвакуациялап, аумақты қоршап алды….
