Category Archives: Аймақ

Павлодарда тәрбиеші балалардың басынан кастрөлмен ұрған

Фото: Pixabay
Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерді деп айыпталып, жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі El.kz — ке сілтеп.

Әлеуметтік желіде №16 балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы мекемеге шағымданып, жазба жариялады.
Олардың сөзінше, 3-4 маусымда түсірілген видеодан тәрбиеленушілердің бірі балалардың басынан кәстрөлмен ұрған. Бұл топқа бір жастан екі жасқа дейінгі, әлі тілі шықпаған балалар баратын болып шықты.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері тәрбиеші кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Қалалық білім бөлімінің мамандары да қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Мойнынан атып, кесіп тастаған: Семейде жануарға көрсетілген қатігездік ісі тергелуде

Фото: Instagram/fond_4_lapi
Семейде белгісіз адамдар итті мазақ етті. Еріктілер мен дәрігерлердің көмегіне қарамастан, жануар өлді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Instagram-да «4 Лапы» қорының еріктілері өрескел жағдай туралы жазды, деп мәлімдейді Zakon.kz.

«Ақпарат дайректке келді, хаскидің мойны кесілген. Зоотакси шақырылып, итті клиникаға жеткіздік. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде… клиникадағы ақпаратқа сүйенсек, итке оқ атылған».

Ит еріктілер оны алып кеткеннен кейін екі күннен сәл астам өмір сүрді. Олардың айтуынша, жараның сипаты жануардың жақын жерден атылғанын көрсетеді.

Семей қаласының полициясы бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу дереу басталғанын айтты.

«Әлеуметтік желілерді бақылау барысында жануарға, атап айтқанда хаски тұқымының итіне қатыгездік көрсету фактісі анықталды. Полицейлер күдіктіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», деп мәлімдеді Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Әсет Асқаров.

13 мамырда желіде Ақмола облысындағы мәслихаттардың бірінің депутаты әріптестерінің алдында итті басып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Өңір ПД ер адамның жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Атырауда бір жастағы бала есігі құлыптаулы көлікте қалып қойған

Фото: Pixabay

Атырауда бір жасар бала есігі құлыптаулы көлікте қалып, тұншыға жаздаған, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, 10 маусымда 103 пультіне шақыру түскен. Әйел баласын қалалық перзентхананың маңында тұрған көлігіне тастап кеткен, ал оралғанда оның ес-түссіз күйде жатқанын көрген. Әйел бірден баланы перзентханаға апарған. Жедел жәрдем диспетчері осы ауданда жүрген бригаданы жіберген.

Дәрігерлер баланы тексерген кезде ес-түссіз жатқан, терісі қызарып ісінген. Дене температурасы 40 градустан асқан, жүрегі тез соққан.

mgorod.kz

«103 бригадасы келгенге дейін қалалық перзентхананың неонатолог дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем фельдшерлері реанимациялық жұмысты жалғастырды», — дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Дәрігерлердің арқасында бала аман қалған. Ол Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Ведомство өкілдері ата-аналарға аптап ыстықта баланы көлікте қалдырмауға кеңес берді.

Павлодарда есірткі шеккен жүргізуші автобус жүргізген

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Академик Шөкин көшесінде «Фольксваген» автобусын  өте баяу айдаған жүргізуші тәртіп сақшыларының назарына түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Медициналық сараптама жүргізушінің шынымен де есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені туралы полицияның күдігін растады. Көлікті тоқтатқан кезде автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сот ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Облыс аумағында «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді.

Қазірдің өзінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы бойынша 53 факті тоқтатылды. Жүргізушілердің көпшілігі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Рульде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін  13 адам жазаланды. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі және мас күйінде автокөлікті жүргізудің екі фактісі анықталды. Айып тұрағына бес көлік қойылды.

Тәртіп сақшысы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілері өздері тасымалдайтын жолаушылардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік артатынын еске салды.

Қарағандыда кішкентай бала көкжөтелден қайтыс болды

Фото: freepik

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

«Көкжөтел – вакцинамен басқарылатын инфекциялардың бірі. Дүние жүзіндегі барлық мемлекет коклюшқа байланысты вакцинаны балаларға егіп жатады. Бұл эпидемиологиялық жағдайды тұрақты түрде ұстап тұрады. Бізде былтырдан бері көкжөтелге қатысты жағдайдың өскенін байқап отырмыз. 80 пайыз ауырған балалар өкінішке қарай вакцинаны алмаған. Көкжөтелдің асқынған түрлері өте ауыр түрде өтеді. Емі де қиын. Азаматтарымызды балаларын осы ауру түріне қарсы вакцинаны белсенді алуға шақырамыз. Қосымша вакцинациялау мәселесінде тағы қаражат бөлінді. Яғни, былтырғы жылдары вакцинациядан өтпеген балаларамыздың арасында қосымша вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр», — деді Денсаулық  сақтау министрі.

Оның сөзінше, бұл бағытта түсіндіру жұмыстары әлі де күшейтуді қажет етеді. Ведомство басшысы биыл көкжөтелден кішкентай сәби қайтыс болғанын айтты.

«Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 9 наурыз күні бір сәби көкжөтелден қайтыс болды. Бала 1 жас 11 айда болды. Бұл жағдайға ДСМ тарапынан сараптама жүргіздік. Біріншіден, бала уақыты жетпей дүниеге келген. Екіншіден, екпе алмаған және емхана деңгейінде көп жүріп қалған, аурухағана кеш түскен. Сондықтан тиісті асқынулардың себебінен бұл балаға көмектесе алмадық. Көкжөтел жеңіл өтетін ауру емес», — деді Ақмарал Әлназарова.