Category Archives: Аймақ

Атырау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған

Фото: inbusiness.kz

Атырауда ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті видеокамераға түсіп қалған.

«Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», -деп хабарлады Атырау қаласындағы № 1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов.

Оның ақпаратына қарағанда, күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болып, бірге тұрған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.

Түркістан облысында ер адам дәріхананы өртеп, өзі күйіп қалған (ВИДЕО)

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент кенті «Мұратфарм» дәріханасына белгісіз жігіт өрт қойып кеткен. Күдікті анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы дәріханалардың бірін өртеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды, ол жергілікті тұрғын болып шықты», — делінген хабарламада.

Анықталғандай, ол өрттен күйіп, ауруханада ем алып жатыр.

Басқа зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

 

Атырауда төрт жасар бала мерт болды

Фото: Pixabay

Атырау қаласында 4 жасар бала тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін, 14 маусымда болған.

«Бүгін сағат 9:00 шамасында Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан 4 жастағы ұл құлап кетті. Балақай оқиға орнында қайтыс болды», -деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдарын жүргізу жұмыстары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.

Тұшпара жеп, кола ішкен: Солтүстік Қазақстанда екі бала тамақтан уланып қайтыс болды

Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында астан уланған бір отбасы ауруханаға түсті. Екі баланы дәрігерлер ажалдан құтқара алмады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған. Балалардың әкесінің айтуынша, бір күн бұрын отбасы ауылдағы дүкеннен тұшпара сатып алып жеп, кола ішкен.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді.

СҚО-да бір табын қойды көлік басып кетті

Фото: ҚР ІІМ
Жезқазған – Петропавл автожолында Қызылжар ауданының Семипалатное және Рассвет ауылдары арасында таңғы уақытта Toyota автокөлігінің алдында жолда бір топ қой күтпеген жерден пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жүргізуші, облыс аудандарының бірінің тұрғыны малды абайсызда соғып кетті.

Апат салдарынан 8 қой өлді, көлікке механикалық зақым келді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

«ЖКО тудырған жануарлардың иесіне қатысты үй жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін хаттама жасалды. Қаңғыбас мал қауіпті болуы мүмкін екенін еске саламыз. Еркін жайылымға жол бермеулеріңізді сұраймыз. Аудандық ПБ қызметкерлері мұндай оқиғалардың алдын алуды тұрақты негізде жүргізеді», – деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.