Балқаш көлінде төрт балықшыны ағыс алып кетті

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған. «Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», — делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан…

Толық оқу

Шымкентте кәмелетке толмаған 73 қыз жүкті болып қалған

Шымкентте 5 айдың ішінде кәмелекетке толмаған 55 қыз босанған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмаған 73 қыз бала жүкті болған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Олардың сөзінше, небәрі 5 айдың ішінде 17 жастағы 38 жасөспірім босанған. «2024 жылы 5 айда қала бойынша босанған жасөспірімдер…

Толық оқу

БҚО-ның Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 60 үй салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 60 үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Ақсу ауылында – 23, Пугачевте – 12, Аралталда – 14, Кеңтүбекте 11 үй бой көтеруде. Бұлардың басым бөлігінде құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталған. Аудандағы аталмыш тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан…

Толық оқу

Павлодарда 52 млн қарызы бар жүргізуші ұсталды

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды.  «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодардағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында «Кибершериф» мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп, Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты. Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті арнайы айып алаңына орналастырды. Ол айыппұл толық…

Толық оқу

СҚО-да 13 жастағы қыз 16 жастағы жасөспірімнен екі қабат болып қалған

Оқушының аансы жағдайды полицияға хабарлаған. Ол қызының жүктілігі туралы медициналық тексеруден кейін білгенін айтты. Оның айтуынша, 16 жастағы бала қызымен жыныстық қатынасқа түскен. Жас жігітке қатысты тергеу басталды. Қыз бен жігіт бір-бірін ұнатқандықтан, қызығушылық үшін жыныстық қатынасқа түскендерін мәлімдейді. «Құрметті ата-аналар! Балаларыңызбен жыныстық тәрбие туралы сөйлесіңіз. Ешқашан бұл әңгімені мектепке, дәрігерлерге, көшеге, аулаға, ғаламторға  сілтемеңіз….

Толық оқу
Яндекс.Метрика