Шымкенттің «ең адал полицейі» жеті жылға сотталды

Шымкентте «ең адал полицей» атанған Азамат Айымбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Азамат Айымбетовке 26 маусымда үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі “Бопсалау арқылы пара алу” бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Полицейдің адвокаты Талғат Есімов сот үкіміне шағым жасайтынын…

Толық оқу

Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалды

Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалғаны туралы ақпарат шықты. – Кеше Жеңіс саябағында нөсер жаңбыр жауған кезде ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштердің бірі жеті жасар қызды басып қалды, — деп жазады Atyrau online. Полиция қайғылы оқиға 26 маусым түн ортасынан кейін болғанын хабарлады. – 2017 жылы туған қызға ескерткіш құлаған. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық…

Толық оқу

Шымкентте аса iрi мөлшерде есірткі заттарын өндірген зертхана жойылды

Шымкент қаласының прокуратурасы үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды. Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі…

Толық оқу

Атырауда ескерткіш құлап, бүлдіршін көз жұмды

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалып, ол ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған. Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді. 2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды, — деп хабарлады…

Толық оқу

Түркістан облысында жекеменшік балабақшаның балалары жаппай уланып қалды

Қазір тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті. Аталған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін, яғни сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Содан бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсеткен. Қазір ауруханаға…

Толық оқу
Яндекс.Метрика