Алматыда БАӘ-нің ірі девелоперлерінің бірімен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Azizi Group халықаралық компаниясының Басқарма төрағасы әрі негізін қалаушы Мирвайс Азизимен кездесті. Кездесу барысында тараптар құрылыс, өнеркәсіп, туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Дархан Сатыбалды Алматының Қазақстандағы инвестициялық тартымдылығы жоғары шаһардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Қала тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай ұсынып…
