qazaqtoday

Қазақстан интернет бостандығы шектеулі елдер қатарында

Freedom House халықаралық ұйымы Қазақстанда интернет бостандығы әлі де елеулі шектеулерге тап болып отырғаны жөнінде баяндама жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Зерттеу авторлары Қазақстан Үкіметі интернетті шектейтінін, сайттарды бұғаттайтынын және контентті жоюды талап ететінін, ал журналистерге физикалық шабуыл жасалатынын атап өтеді. Мәселен, Қазақстан желідегі еркіндік деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 100 ел ішінде 34-ші…

Толық оқу

Алматыда такси жүргізушілерін алдап-соққан ер адам ұсталды

Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті ұсталды. Полицейлер бірқатар алаяқтық жасаған Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, А. есімді азамат клиент ретінде таксиге отырған. Мекенжайға жеткеннен кейін ол жүргізушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, содан соң қашып кеткен. Қаскөй бөтеннің телефондарын сатып, түскен ақшаны…

Толық оқу

«Отбасым ойрандалды»: Алматыда мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жалған ақпарат таратқан

Алматыда жекеменшік мектептің мұғалімдері бірінші сынып оқушысын ата-анасының рұқсатынсыз гинекологқа алып барған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.  7 жасар қыздың ата-анасы жекеменшік мектептің директоры мен мұғалімдерін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Баланың анасы қызын психологтың кабинетінде сұрақтың астына алып, содан кейін ата-анасының рұқсатынсыз гинекологқа тексеруге жібергенін айтады. Атышулы оқиға оқу-ағарту министрлігіне дейін жеткен. Қазір мектепте қызметтік тексеру басталды. Оқиға өткен…

Толық оқу

Шымбергеновтің жекпе-жегіне қатысты Қазақстанның бокс федерациясы ХОК төрешісіне талап қояды

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарында қола медаль алған Асланбек Шымбергеновтің соңғы жекпе-жегіне қатысты Халықаралық олимпиада комитетіне ресми жүгініп, наразылық білдіретін болды. Бұл туралы ҚБФ президенті Кеңес Рақышев өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.   Төрешілердің Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешімі. Құрметті жанкүйерлер, әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финал кездесуінде төрешілердің өте әділетсіз шешіміне…

Толық оқу

Іле-Алатау ұлттық паркінде әлдекімдер орманшыны өлімші етіп сабап кеткен

Бет-аузының сау-тамтығы қалмаған орманшыға жабық ми жарақаты диагнозы қойылған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 29 қыркүйекте болған. Жазбада зардап шеккен орманшының әпкесінің хабарламасы келтірілген. «Менің інім аумақты кешкі тексеруден дейін жаяу келе жатқан. Сол кезде қара түсті көліктің шлагбаумды бұзып жатқанын көреді. Інім оларға жақындап, мән-жайды сұрайды. Оның үстінде…

Толық оқу
Яндекс.Метрика