qazaqtoday

Қарағандыда субсидия ұрлаған азамат 6 жарым жылға сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандары 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  «Күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражатқа иелік еткен», — делінген мәліметте….

Толық оқу

Президент Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады. Президент саяси реформалардың табысты…

Толық оқу

Шымкентте алименттен жалтарғандарға 11 қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте алимент бойынша борышкерлерге қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Қала прокуроры алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтеріп, биылғы қарашаны «Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қарсы күрес айы» деп белгіледі. Осыған байланысты алимент төлеу міндетін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді ҚР ҚК-нің 139-бабы талаптарына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар…

Толық оқу

Президент алғашқы болып QAZAQ TILI қорына жеке жарна аударды

Сүйінші хабарды «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы жеткізді. «Тіл жанашырларынан, қазақ қауымынан сүйінші сұрар ретім бар. 12 қазан күні Президенттің қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсындым. Мемлекет басшысы ұсынысты қолдаған еді. QAZAQ TILI Endowment қорын құру, тіркеу, рәсімдеу шаралары жақында аяқталып, бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы сол қорға бірінші болып…

Толық оқу

Қазақстан спортшылары хоккейден әлем чемпионатына қатысады

10-16 желтоқсан аралығында Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты болады. Бұл – IA дивизионы. Онда Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнайды. Әлем чемпионатына қатысудағы мақсат – келесі жылы өтетін элиталық дивизионға жолдама алу. Қазақстан додаға 25 хоккейшіні апарады. Ал әлем чемпионатына 23…

Толық оқу
Яндекс.Метрика