qazaqtoday

Әнші Әли Оқапов тегін үш рет ауыстырғанын айтты

Роза Рымбаеваның ұлы, әнші, музыкант Әли Оқапов «Менің өмірім» бағдарламасында тегін үш рет ауыстырғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz. «Әкеміз өмірден кеткен соң біз үшін өте қиын кезеңдер болды. Барлығын ашып айта алмаймын, бірақ отбасымызға қауіп төнген жағдайлар да өтті. Соған байланысты тегімді үш рет ауыстырғам. Негізі Оқапов боп туылғам, кейін Тасқынұлы болдым. Сосын Рымбаев деп…

Толық оқу

Түркістан облысы білім басқармасының есепшісі тексерістен кейін өзіне қол жұмсады

Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Оқиға 25 қаңтарда болған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Мақтаарал аудандық полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Түркістан облысының білім басқармасы іс жүзінде тексеру жүргізді. Экономикалық тергеу…

Толық оқу

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 келі марихуана тәркіленді

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. «Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5…

Толық оқу

Бектенов жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлерін марапаттады

Премьер-министр Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлеріне мемлекет басшысының атынан алғыс хаттарды табыс етті, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды құттықтады. Премьер-министр бұл Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтын жүлдесі екенін…

Толық оқу

Қазақстанның азаматтығын алған спортшы сенсация жасады

Қазақстанның екінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Шевченко Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты. Ол екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунені жеңіп, сенсация жасады. Бірінші партияда есеп 4:4 болған кезде Шевченко брейк жасай алды. Осылайша бірінші сетте есеп 6:4 болып аяқталды. Екінші сетте Руне 6:1 есебімен есе қайтарды. Үшінші, шешуші партияда…

Толық оқу
Яндекс.Метрика