qazaqtoday

Теріс қылық үшін жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкерлерге екінші мүмкіндік берілмек

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Заң жобасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы конституциялық нормаларға сәйкес келтіруді көздейді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың айтуынша, құжат Конституциялық соттың 2023 жылғы 6…

Толық оқу

Жамбыл облысында 300-ге жуық көлік жолда қалып қойды

Жамбыл облысында боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай аудандық ПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп, сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырып жатыр.  

Толық оқу

Шымкентте газбен жылыту пешіндегі ақаудан бір адам көз жұмды

Абай ауданы, Игілік шағын ауданында, жеке тұрғын үйде, алдын ала табиғи газбен жылыту пешінде ақау шығып, салдарынан үй иесі қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 адам ауруханаға жатқызылды. Қайғылы жағдай бүгін болған. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ, 3 адам және 1 техника жұмылдырылды. ТЖМ өрт қауіпсіздігі қағидаларын…

Толық оқу

Астанада бір қабатты бокс өртенді

Астана қаласы Байқоңыр ауданы Өндіріс көшесі, 37 мекен жайында бір қабатты бокста өрт болды. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы анықталып жатыр. Өрт орнына ТЖД жеке құрамынан 53 адам және 12 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 07:26-да оқшауланды.

Толық оқу

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті. Бұдан бөлек, премьер-министрдің орынбасары –…

Толық оқу
Яндекс.Метрика